Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ РЕКТОРДЫҢ ГРАНТЫ

РЕКТОРДЫҢ ГРАНТЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының грантына ие болу үшін бейіндік пәндер бойынша І облыстық педагогикалық олимпиада өтті. Сынақ барысында 15 үміткер әртүрлі жеңілдіктермен грант иегерлері атанды.

Физика-математика, биология-география және биология-химия бейіндік пәндерінен өткен сайысқа облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 132 түлегі қатысты.

Сынақтың іріктеу кезеңіне қатысушылар “Мен педагог мамандығын неге таңдадым?” тақырыбы бойынша бейнеүзіктерін қашықтықтан жолдады. Университетте ұйымдастырылған екінші кезеңде үміткерлер шығармашылық тапсырмалар орындады. Осы екі кезеңнен өткендердің арасынан 5 оқушы: Айыртау ауданы Имантау орта мектебінен – Валентина Мартыневская (география-биология), Петропавл қаласындағы №27 орта мектеп тен – Зәмзагүл Жұматова (физика-математика), Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье орта мектебінен – Жанбота Таңсықбаева (физика-математика), Шал ақын ауданы Қаратал орта мектебінен – Ләйла Қабдулбариева (биология-химия) және Қызылжар ауданы Налобин орта мектебінен Ирина Чернявская (биология-химия) 100 пайыздық грантты, яғни тегін оқу мүмкіндігін жеңіп алды.

50 және 25 пайыздық жеңілдіктің әрқайсысына бес оқушыдан ие болды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика