Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ҰСТАЗ МЕРЕЙІ

ҰСТАЗ МЕРЕЙІ

“Білім айнасы” республикалық ғылыми-танымдық газетінің белсенді авторлары – солтүстікқазақстандық мұғалімдер Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Алғыс хатына ие болды. Бұл марапатты “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Болат Данияров табыстады.

“Білім айнасы” республикалық ғылыми-танымдық газеті – ақпарат айдынында өзіндік орны бар басылым. Республика көлеміне ұлағатты ұстаздардың шашбауын көтеріп, мүддесін қорғайды. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының мұғалімдері де аталмыш газетпен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеуде. Газет редакциясы белсенді авторлары – мектеп мұғалімдерін жиі марапаттап отырады. Осы жолы газеттің бас редакторы Қуантай Амантайұлының бастамасымен көктемнің шуақты мерекелерінің қарсаңында мұғалімдерді Білім және ғылым министрлігінің марапатына ұсынған болатын.

Елімізде білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар жайлы, жалпы бұл саланың болашағына алаңдап мақалалар жазған Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясының директоры Бұлбұл Ахмадиқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтай Сұлтан Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Алғыс хатына ие болды.

Жазира КӨКБАСҚЫЗЫ.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика