Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ЖҮЛДЕГЕР ЖӘЛЕЛ

ЖҮЛДЕГЕР ЖӘЛЕЛ

Сафуан Шәймерденов атындағы классикалық гимназияның 9-сынып оқушысы Жәлел Болат Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық “Жас ғалым” атты ғылыми жобалар байқауында жүлделі үшінші орынға ие болды.

Халықаралық ғылыми жобаға Қазақстаннан 26 оқушы қатысты. Жәлел 2017 жылдың сәуір айынан айналыса бастаған өзінің ғылыми жобасын “Экоауыл – жарқын болашақ” тақырыбына арнапты. Ғылыми жұмысын зерттеу кезінде оған жоба жетекшісі ретінде география пәнінің мұғалімі Айжан Құсайынова мен ғылыми жетекшісі Аяжан Ғабдуллинаның көмегі тиген.

Ғылыми жұмыс бүгінгі өмірдегі өзекті мәселені көтеруімен құнды. Зерттеу нысаны ретінде Қызылжар ауданының Афонькино ауылының маңында өсетін самырсын ағашының экологияға, құрылыс, ауыл шаруашылығы, туризм саласына тигізер пайдасын зерттеді. Жәлел сол маңайда экоауыл ашуға болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ, ағаштың ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде де маңызы зор екеніне ғылыми тәжірибелер арқылы көз жеткізді. Ол өз ғылыми жобасын үш тілде қорғады.

Ботагөз БЕКМАТОВА,

Сафуан Шәймерденов атындағы классикалық гимназияның мұғалімі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика