Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ОҢТАЙЛЫ МҮМКІНДІК

ОҢТАЙЛЫ МҮМКІНДІК

Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іс-тәжірибеде ескеру. Оның мақсаты – оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізуде мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру.

“Өмір бойы білім алу” әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс”, – деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, білім беру – толассыз үдеріс. “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында ұйымдастырылған “Қазақтілді мектептердегі қазақ тілі және қазақ әдебиеті” пәндері бойынша өткізілген біліктілікті арттыру курстары өте пайдалы болды. Педагогтер өз біліктіліктерін тренингтер арқылы жетілдіріп, күнделікті сабақтарды түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ой елегінен өткізді. Оқу бағдарламасының құрылымы мен мақсаттарының жүйесін, қалыптастырушы бағалауды жүргізудің тиімді жолдарын меңгерді. “Мәңгілік Ел” идеясын ықпалдастыру мен тілдік дағдыларын дамыту, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру аясындағы тәжірибелік жұмыстар тренингтер арқылы жүргізілді.

Тыңдаушылардың ұйымдастыруымен Елбасының “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” Жолдауы талқыланды. “Латын әліпбиі – болашақтың негізі” тақырыбындағы интерактивті үзілісте “Kahoot” қосымшасы арқылы жаңа әліпби негізінде өз аты-жөндерін дұрыс жазу бойынша жарыс ұйымдастырылды. Интерактивті үзіліске бастауыш сынып, математика пәнінің мұғалімдері де қатысты.

“Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы аясында курс тыңдаушылары Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған “Мағжанды жырлаймын” атты поэзиялық марафонға және “Ұстаздың 100 өзекті кітабы” жобасына белсене қатысты. Курсқа қатысушылар Мағжанның өлеңдерінен үзінділер оқып, зияткерлік шеберліктерін көрсетті, оқу құзырет-тіліктерін жетілдірді. Педагогтер курстарда өз біліктіліктерін арттырумен қатар шеберліктерін жетілдіруге бағытталған іс-шараларға қатысты. Тағылымдамадан өтіп, сертификаттарға ие болды.

Курста білім мазмұнын жаңартудың нақты қадамдары мен тиімді оқыту әдістері, сабақтан тыс іс-шаралардың оңтайлы мүмкіндіктері көрсетілді.

Гүлнұр ЫСҚАҚОВА,

Лобаново орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Айыртау ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика