Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ЖОҒАРЫ БІЛІМГЕ СҰРАНЫС КӨП

ЖОҒАРЫ БІЛІМГЕ СҰРАНЫС КӨП

Облыста жоғары білім алғысы келетіндердің саны артып отыр. Оған кәсіпкерлер палатасы 9-11-сынып оқушылары арасында өткізген сауалнама нәтижесінде көз жеткізілді.

Мектеп оқушылары, кәсіптік-техникалық колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіп таңдау кезінде неге баса назар аударатындарын білу мақсатындағы әлеуметтік сауалнамаларды кәсіпкерлер палатасы 2014 жылдан бастап өткізіп келеді. Өйткені, өз жүрек қалауымен таңдаған мамандық иесі атанып, кәсіби деңгейін одан әрі шыңдай түсіп, сүйікті ісімен айналысқан жастардың еліміздің экономикасына тигізер пайдасы зор екені ежелден белгілі. Сәйкесінше, дұрыс таңдалмаған мамандық иесі өз күші мен уақытын босқа шығындайды. Осыған орай, адами капиталды дамыту және кәсіптік бағдарлау мәселелерін кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері назардан тыс қалдырмайды.

Әр жылдардағы сауалнама қорытындысын салыстырсақ, облысымыздағы колледждерге түскісі келетін оқушылар санының кеміп келе жатқаны байқалады. Мәселен, өткен жылы өңіріміздегі кәсіптік-техникалық білім беру орындарында оқығысы келетіндердің саны сауалнама жүргізілген оқушылардың 27 пайызын құраса, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 23,79 пайыз деңгейінде.

Біздің түлектерді бұрынғысынша Ресей Федерациясының колледждері қызықтырып отыр. Бұл көрсеткіш екі жыл қатарынан артқаны байқалды. Дегенмен, жоғары білім алғысы келетіндер саны өсіп келеді. Егер 2014 жылы түлектердің 6 пайызы ғана жоғары білім алуға ниет білдірсе, үстіміздегі жылы ол 48,57 пайызды құрады.

Түлектер дәрігер, мұғалім, агроном мамандықтары мен әскери қызметке қызығушылық танытуда. Сондай-ақ, өз өмірлерін кәсіпкерлікпен байланыстырғысы келетін жастар қатары артып келеді. 2016 жылғы түлектердің 3,8 пайызы “кәсіпкер” нұсқасын таңдаса, 2017-де бұл көрсеткіш 3,83 пайызды құрады. 2018 жылғы сауалнама бойынша түлектердің 4,39 пайызы өздерін кәсіпкерлік қызықтыратынын айтты.

Ирина ТОРОПОВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика