Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ТАЛАПТЫ ТӘЛІМГЕР

ТАЛАПТЫ ТӘЛІМГЕР

Қаламыздағы құрылыс-экономикалық колледжі байырғы оқу орындарының бірі болып саналады. Оны жыл сайын өрімдей жас жігіттер мен қыздар тамамдап шығып, өздерінің алғашқы еңбек жолдарына қадам жасайды. Қазір түрлі өндіріс орындары облыс орталығында ғана емес, аудандарда да ашылуда, жаңадан шаруашылықтар құрылуда. Ал бұл құбылыс ертеңгі күні тиісті мамандық иелерін қажет ететіндігін білдіреді.

Қарағанды мемлекеттік-политехникалық университетін кәсіптік білім беру мамандығы бойынша аяқтаған Рустам Айғожиннің осы колледжде оқытушы болып еңбек етіп жатқанына он жылға жуық уақыт болыпты. Ол колледж студенттеріне еңбектен қорғау және электргазбен дәнекерлеу мамандығы бойынша дәріс береді.

Үздік шәкірттері – үшінші курс студенттері (солдан оңға қарай) Евгений Лазовский, Вячеслав Соболь және Әділбек Юлдашев дәнекерлеу жұмысының қыр-сырын әбден меңгеріп алған.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика