Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ КЕЛІСІМ КӨКЖИЕГІ

КЕЛІСІМ КӨКЖИЕГІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Польша елінің Познань жаратылыстану ғылымдары университеті арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Познань қаласындағы 150 жылдық тарихы бар беделді университеттің Астана, Алматы қалаларындағы бірқатар ұйымдар мен жоғары оқу орындарымен бірлескен жобалары бар. Университеттің зерттеулер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Кшиштоф Шошкевич Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ынтымақтастық жөніндегі ұсынысын да зор ықыласпен қабыл алғандарын айтты.

– Екі университет бір бағытта жұмыс істеп келеді, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласы бойынша білім беру ісінде үндестіктер көп. Сондықтан бұл университетке өз тарапымыздан да, “Жібек жолы” ауыл шаруашылығы білім беру және ғылыми инновациялар альянсының аясында да ынтымақтастық құру туралы ниетіміз барын жеткіздік, – деді ол.

Осы күнге дейін шетелдік университеттермен 140 келісімшарт жасасып, соның аясында байланыс өрісін кеңейткен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ агротехника факультетін құру үшін өз серіктестерінің қатарын биотехнология, қоршаған орта, ауыл шаруашылығы, жаратылыстану мәселелерін терең зерттейтін дәл осы сынды оқу орнымен толықтыруды көздеген. Университет ректоры Серік Өмірбаев пен Польша делегаты Кшиштоф Шошкевич академиялық ұтқырлық бағдарламасы және болашақ бірлескен жобалар мен ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика