Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ БІЛІМДІ ШӘКІРТ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

БІЛІМДІ ШӘКІРТ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Атырау мен Қостанай қалаларында өткен жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық пәндік олимпиадаға біздің өңірімізден 66 оқушы қатысқан болатын. Өңіріміздің намысын қорғаған талантты өрендердің он тоғызы жүлделі оралып, облысымыз жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді. Кеше “БЭСТ” гимназиясында салтанатты шара өтіп, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, олардың ұстаздары мен мектеп директорлары марапатталды.

– Елімізде, облысымызда да-рынды, талантты, саналы ой мен көзқарасқа ие балаларға ерекше назар аударылып, мүмкіндіктер жасалуда. Бұл үшін көптеген бағ-дарламалар қарастырылған. Биыл мектеп түлектеріне арнап қосымша 20 мың грант бөлінбек. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универ-ситетінде бүгінде 5 мыңнан ас-там студент білім алса, алдағы жылдары олардың санын 8-10 мыңға дейін көбейту міндеті тұр. Жаңа мамандықтар ашылып, еліміздің басқа өңірлері мен ше-телдерден үздік педагогтер ша-қыртылады. Сонымен қатар қыр-күйек айынан бастап университе-тімізде Үндістан және Пәкістан елдерінен келген студенттер бі-лім алмақ, – дей отыра, облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова олимпиадада бірінші орынды жеңіп алған өрен-дер мен олардың ұстаздарына марапаттар табыс етті. Соны-мен қатар Гүлмира Райымбек-қызы пәндік олимпиаданың об-лыстық кезеңін өткізуге атсалыс-қаны үшін университетке алғы-сын білдірді.

Екінші және үшінші орын ие-ленген оқушылар мен олардың ұстаздарын Назарбаев Зияткер-лік мектебінің директоры Нұрға-ли Елшібеков пен қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Татьяна Протопова марапатта-ды. Ал “Ардагерлер білім сапасы үшін” қоғамдық бірлестігінің өкілі Александр Кузурман оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, өңіріміздің намысын абыроймен қорғаған мектеп директорларының мара-паттарын табыстады.

Олимпиадада Білім-иннова-ция лицейінің оқушылары – 6, “БЭСТ” гимназиясының өрендері 4 жүлделі орын иеленсе, Әбу Досмұхамбетов атындағы об-лыстық дарынды балаларға ма-мандандырылған гимназия-ин-тернаты, ЛОРД лицейі, бірінші лицей, №1 мектеп, Есіл ауданын-дағы №1 Явленка орта мектебі, Тайынша ауданындағы Петровка орта мектебі мен Қызылжар ау-данындағы Бескөл мектеп-гим-назиясының оқушылары үздік нәтижелер көрсетті.

Салтанатты шара барысында “БЭСТ” гимназиясының талант-ты өрендері үш тілде ән шырқап, өлең оқып, би биледі.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика