Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР САЙЫСЫ

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР САЙЫСЫ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Самал Байғұнақова мен Асылжан Бегалинова Ресейдің Мәскеу қаласында өткен халықаралық зерттеу жұмыстары байқауынан бірінші орынды иеленіп оралды.

“В.И.Вернадский ашқан жаңалықтар ізімен” атты 5-7- сынып оқушыларының арасында өткен ғылыми байқау жас зерттеушілерді тың ізденістерге жетелеген. Әуелде геохимия, биогеохимия, радиогеология, гидрогеология және тағы басқа осызаманғы ғылымдардың негізін қалаған ғалымның еңбек жолын зерделеп, оның салған ізіне жас оқымыстыларды тартуға негізделген байқау аясы бүгінде кеңейе түскен. Сол себепті 7-сынып оқушылары өзін-өзі тану бағыты бойынша тақырып таңдап, зерттеу жұмыстарын жолдаған екен. Олардың білім сайысында топ жаруына жетекшілері Гүлнәр Ахметованың қосқан үлесі зор.

Дәстүрлі байқау бүгінгі таңда зерттеу ісіне әдістемелік қолдау көрсету және оқушылардың ғылыммен айналысуына ынта-ықыластарын арттыру мақсатында өткізіліп жүр.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика