Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН — БАЛАБАҚШАДА

ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН — БАЛАБАҚШАДА

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту еліміздің білім беру саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан “Өрлеу” БАҰО” АҚ-ы өңірлік филиалы балабақша тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру курстарына ерекше назар аударады.

Осы мақсатта “Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқыту үдерісін жаңа жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес жобалау” тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтуде. Оның аясында облыс орталығындағы “Ақ көгершін” бөбекжай-балабақшасында “Инновациялық технологиялар білім берудің жаңартылған мазмұнына көшудің негізгі факторы ретінде” атауымен семинар өтті. Балабақшаның ұжымы бүлдіршіндерді күнделікті тәрбиелеу барысында түрлі инновациялық технологияларды қолданады. Семинарда Гүлнәр Ақбасова, Анна Плужникова, Марина Лазарева, Татьяна Кириленко, Галина Заболотская есімді тәрбиешілер сабақ барысында Воскобовичтің дамытушы ойындарын, Кюизенердің таяқшалары мен Деньештің блоктарын пайдаланудың техникалық ерекшеліктерін көрсетті. Ал логопед Наталья Атькованың кинезиологиялық жаттығулар мен Су-Джок терапиясы арқылы балалардың қабілетін дамыту жүйесі жайындағы ой-пайымын қатысушылар қызығушылықпен тыңдады.

Аталмыш семинар балабақша тәрбиешілерін жаңартылған білім беру мазмұнын пайдалана отырып, балаларды мектепке дайындауға дағдыландырды.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика