Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ЖАҢА ФОРМАТТА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ЖАҢА ФОРМАТТА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясы жаңа формат бойынша жұмыс істей бастады.

Жаңашылдық үміткерлер үшін қолайлы жағдай тудырып отыр. Қабылдау комиссиясының жұмысы “Бір терезе” қағидаты бойынша құрылған. Мұнда келушілер үшін электронды кезегін күтетін бөлме және талапкерге арналған ақпараттар бар.

– Университет ректоры бастаған топ аудандарда болып, мектеп, колледж түлектерімен кездесті. Барлық әкімдіктермен өзара қарым-қатынас орнату жөнінде меморандумдар жасалды. Бүгінгі таңда облыстағы барлық түлектер арасында жүргізілген сауалнама бойынша арнайы база құрдық, – дейді университеттің жастар жөніндегі комитетінің төрағасы Богдан Петров.

Биыл талапкерлер үйден шықпай-ақ университет сайтына кіріп, онлайн режімде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады. Ол үшін сканерден өткізілген фотосуреті мен құжаттарды жүктеп жіберу қажет.

Жанар ИБРАЕВА,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика