Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ

ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ

Балалардың асыға күткен жазғы демалысы да келіп жетті. Тоғыз ай бойғы уақытының денін парта басында өткізетін оқушылардың жазғы демалысының мәнді болуы ата-ана мен мұғалім үшін де маңызды.

Мектеп жанындағы жазғы алаңдар соңғы жылдары жаңаша мән-маңызға ие болып, түрлі қосымша бағдарламалармен толықты. Біздің білім шаңырағымыз жылдағы дәстүр бойынша жазғы сауықтыру алаңының жұмысын маусым айының алғашқы күндерінен бастады. Сауықтыру алаңына бір жүзге тарта бала келіп жазылды. Балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейтіп, тәрбиелеу секілді талаптарды жүзеге асыру үшін біздің тәрбиешілер түрлі іс-шаралар жоспарын жасады.

Балалардың таза ауада көбірек уақыт өткізуі үшін таңғы жаттығулар, сергіту сәттері, спорттық сайыстар ұйымдастырылады. Әдетте 40 минут өтетін дене шынықтыру сабағы енді сағаттарға созылуда. Бұл балалардың спорттық жарыстар мен түрлі эстафеталар ұйымдастырып, ұлттық ойындар ойнауына молынан жетеді. Әр топ арасында өткізілетін қызықты викториналар, тренингтер мен байқаулар, тіпті, концерттік бағдарламалар ой-өрістерінің дамуына, шығармашылық жұмыспен де айналысуына мүмкіндік тудыруда. Сонымен қатар мектепалды сауықтыру алаңында балалармен логопед, психолог мамандар да жұмыс істейді. Ұл-қыздарының демалысы мағыналы өтіп жатқанына ата-аналар да дән риза.

Гүлжан БАЙБАТЫРОВА,

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің ұстазы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика