Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ СЫН САҒАТЫ

СЫН САҒАТЫ

Бүгін өңіріміздегі мектеп түлектерінің соңғы легі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде үш күн бойы қарбалас. Мұнда бүгін Петропавл қаласының орта білім беру мекемелерінің түлектері сынақ тапсырып жатыр. Ал аудандық мектептердің түлектері үшін сын сағаты артта қалды.

Биыл ҰБТ жаңа формат бойынша өткізілуде. Оның қорытындысы мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына түсуіне және грант иеленуіне ғана әсер етеді. Облысымызда биыл 3894 оқушы мектеп тамамдаса, олардың 2748-і ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

– Талапкерлер 230 минутта бес пән бойынша 140 сұраққа жауап беріп үлгеруі тиіс. Өздерінің тексерістен өтетіндігін білседағы, ұялы телефон алып кіруге талпынғандар болды. Одан басқа өрескел ереже бұзушылықтар орын алған жоқ, – деді Ұлттық тестілеу орталығының өңіріміз бойынша базалық филиалының жетекшісі Жанар Жабағина.

Жуырда Білім және ғылым министрлігі ҰБТ қорытындысын Teleqram-бота@edu.qov.kz және edu.mail.kz немесе Ұлттық тестілеу орталығының сайттарынан қарап білуге болатынын хабарлады. Мұндай жаңашылдықты қолдану үшін тестілеуге қатысушылардың жеке коды болуы шарт.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика