Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ АУЫЛДА ІТ-СЫНЫП АШЫЛДЫ

АУЫЛДА ІТ-СЫНЫП АШЫЛДЫ

Елімізде ғылым мен білімге, өнертапқыштыққа ден қойған жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Алға ұмтылған балалар үшін бар мүмкіндікті жасауды “Нұр Отан” партиясы да қолға алып отыр. Жуырда Ақжар ауданының Талшық орта мектебінде партияның бастамасымен ІТ-сынып ашылды.

“Балаларға арналған ақысыз ІТ-сыныптар” жобасы инновациялық тұрғыдан ойлайтын, сенімді түрде бағдарламалауды жүргізе алатын, веб-сайттармен жұмыс істеп, роботтар құрастыра білетін жастардың санын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың цифрлық технологияларды дамыту бойынша тапсырған міндеттерін жүзеге асыру аясында “Нұр Отан” партиясы білім беру, шағын және орта бизнес салаларына қолдау көрсетуге арналған және “Цифрлық Қазақстан”, “Рухани жаңғыру” бағдарламалары шеңберінде бірқатар жобаларды жасады. Бұл сыныптағы оқушылар ІТ-мамандықтарға дағдыланып, бағдарламалау негіздерін, робототехниканы және сайттар ашуды үйренеді, – деді аудан әкімі Ербатыр Мадияров.

Екі жыл бұрын бұл мектепте робототехникадан факультатив сабақтары ашылған болатын. Бұл бастама бүгіндері өз нәтижесін бергенге ұқсайды. Ауыл оқушылары облыс орталығы мен өзге қалаларда өтетін байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Ақпараттық технологиялар мамандығын таңдаған жастар да бар. Сондықтан мектепте ІТ-технологияларды дамыту ісінің жалғасуы жақсы жетістіктерге жетелейді деген сенім мол.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика