Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ КӨРСЕТКІШ ЖАҚСАРДЫ

КӨРСЕТКІШ ЖАҚСАРДЫ

Облысымыз мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуде жинаған орташа ұпайы өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Биылғы ең көп ұпай 135 болды.

Өңіріміздің орта білім беру мекемелерін аяқтаған 2428 түлек ҰБТ-ға қатысты. Бұл былтырғы жылғы тест тапсырғандар санынан 256 адамға артық. Мектеп бітірушілер жинаған орташа ұпай саны да артып, былтырғы 75,3-тен 78 ұпайға көтерілді. Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат пен “Білім-инновация” лицейінің түлектері орташа 107 ұпай жинап, облысымыз бойынша көш бастап отыр. Соңғы білім ордасының түлегі Рауан Меркеш 135 ұпайды еншілеп, мектеп абыройын асқақтатты. Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне биотехник мамандығы бойынша оқуға түспекші.

Жалпы облыс бойынша 378 түлек жүзден артық ұпай жинады. Білім басқармасының мамандары 2256 талапкер шекті деңгейден өткенін, ал қалғандары тиісті ұпай санын (50) жинай алмағанын айтады. Алайда, бұл талапкерлер үшін жоғары оқу орындарының есігі жабық деген сөз емес.

– Олар тамыз айында екінші рет тест тапсыра алады. Одан да өте алмаса, өзі таңдаған жоғары оқу орнының ақылы бөліміне шартты түрде қабылданады. Бірақ бірінші семестрден кейін, яғни келесі жылдың қаңтар айында тест тапсырып, өз білімін дәлелдеуі керек, – дейді облыстық білім басқармасының маманы Мария Есмағамбетова. Екінші мәрте тест тапсыру тамыз айының 19-24 аралығында жүргізіледі.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика