Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ЖЕҢІМПАЗҒА — ЛОНДОНҒА ЖОЛДАМА

ЖЕҢІМПАЗҒА — ЛОНДОНҒА ЖОЛДАМА

Мектеп оқушыларының көлік саласы жөніндегі білімдерін тереңдету және қызығушылықтарын арттыру мақсатында байқау жарияланды.

Елімізде биыл екінші рет өткізілетін көлік саласы бойынша мектеп оқушыларының байқауын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Әділет министрлігі, Ұлттық зияткерлік меншік институты бірлесіп ұйымдастыруда. Ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алға қойылған тапсырмаларды іске асыру аясында өтпек. Байқауға физика-математика және жаратылыстану ғылымдары саласында жетістіктері бар, сонымен қатар жеке жобалық жұмысын жасаған жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатыса алады. Байқаудың бір ерекшелігі – барлық тапсырмалар мен байқау кезеңдері тек ағылшын тілінде жүреді.

Ғылым, технология және басқару саласындағы Ұлыбританияның жетекші оқу орындарының бірі Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті – байқаудың серіктесі, ал “SamrukKazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен “Эйр Астана” акционерлік қоғамы негізгі демеушілер болып табылады.

Байқауға әр облыстан 16-18 жас аралығындағы төрт оқушыдан және бір жетекшіден тұратын командалар қатыса алады. Олар өздері жайындағы мәліметтерді Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына үстіміздегі жылдың 13 шілдесіне дейін жолдауы тиіс. Байқаудың соңғы қорытынды кезеңі 24-26 шілде аралығында Астана қаласында өтеді. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар 19-26 тамыз аралығында Лондон қаласындағы Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапарға жіберіледі.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика