Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ЖАЗ — КӨҢІЛДІ ШАҚ

ЖАЗ — КӨҢІЛДІ ШАҚ

Оқу аяқталысымен балалардың жазғы сауықтыру лагерьлеріне асығатыны белгілі. Қала сыртында таза ауада демалып, шынығып, ойнап, уақытты пайдалы өткізгенге не жетсін?! Биыл өңіріміздегі сауықтыру лагерьлері өз жұмыстарын әдеттегіден кеш бастады.

“Достық” жазғы сауықтыру лагері жуырда төртінші ауысымды қабылдады. Қазір мұнда жасы оннан асқан 200-ден астам бала демалып жатыр. Лагерь жетекшілері осы маусымды “Олимп шыңына!” ұранымен атап, спорттық кезең етіп белгілеген екен. Соған сай мұнда күнбе-күн спорттық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылуда. Олардың денін балаларға қонаққа келетін жастар ұйымдары мен түрлі мемлекеттік органдар өкілдері өткізуде. Сәрсенбі күні, мәселен, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің мамандары балалар үшін спорттық эстафета ұйымдастырған. “Жеңіске адал жет!” ұранымен өткен эстафетада балалар жылдамдыққа жүгіру, биіктік пен қашықтыққа секіру және өзге де сайыс түрлері бойынша жарысып, өзара мықтыларын анықтады.

Келесі күні балаларды тағы бір тосын сый күтіп тұрды. Бүкілқазақстандық кёкушинкай-каратэ ұйымының облысымыз бойынша филиалының жетекшілері мен жас тәрбиеленушілері демалушы балалар алдында өз өнерлерін көрсетті. Филиал директоры Владимир Витченко жастарды өздерінің қатарына қосылуға шақырып, бірнеше жаттығу да өткізді. Демалушы балалар мұндай кездесулерге дән риза.

Лагерь директоры Владимир Рудер оқушылардың таңғы сағат сегізден кешкі онға дейінгі уақытының әр минуты қызықты өтетінін айтады. Балалар көркемөнер, хореография, оқ ату, велоспорт сынды үйірмелерге қатысады. Қазақ және ағылшын тілдерін үйренеді.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика