Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ НИЕТ БОЛСА, ШЕШІЛМЕЙТІН ТҮЙІН ЖОҚ

НИЕТ БОЛСА, ШЕШІЛМЕЙТІН ТҮЙІН ЖОҚ

“Soltústіk Qazaqstan” газетінің №107 (8.09. 2018 ж.) санында “Журналист жолға шықты” деген айдармен “Балық басынан шіриді” атты мақала жарияланған болатын. Қызылжар ауданының Шахау ауылындағы қазақ сыныптары жабылып қалуы мүмкін екенін және жергілікті білім бөлімі басшылары тарапынан қазақ тіліне жанашырлықтың жоқ екенін журналист ашына жазған еді.

Осыған орай редакцияға Шахау орта мектебіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мариям Кәсеновадан хат келді. “Шешілмейтін түйін болмайтындығын мектеп басшысы Әдемі Қалмұрзинова тағы да дәлелдеді. Осы аудандағы мектеп басшыларымен келісе отырып, бүгінгі күні география, тарих, химия және биология пәндерінің мамандарын тапты. Оқу үрдісі кесте бойынша жүргізіліп жатыр”, – деп жазыпты ол. Шынымен де, басшылық білек сыбана кіріссе шешілмейтін мәселе жоқ. Оқырмандар қасиетті қарашаңырақ деп құрметтейтін “Soltústіk Qazaqstan” газетінің тілшілері ата-аналардың жанайқайын билік басындағыларға жеткізбегенде мәселенің оң шешілуі екіталай еді.

Сондай-ақ, олар жаз бойы кадр мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарынан нәтиже шықпағанын, облыс орталығы мен ауыл арасындағы жолдың сапасыздығы да шеттен мұғалімдердің келіп-кетіп жұмыс істеуіне кедергі екенін жазған екен. Хат иесі мектепте мемлекеттік тілдің дамуына қолдау көрсетіліп жатыр деп ақталады. Дегенмен, айдың-күннің аманында аудандық білім бөліміндегілер мен мектеп басшысының қазақ сыныптарын жабамыз деп шала бүлінуін олардың мемлекеттік тілге жанашырлығы деп түсіну қиын. Біз бұл мәселені алдағы уақытта да назарда ұстаймыз.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика