Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Мектептерде өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруде түрлі тәсілдерді пайдаланған жөн. Рухани құндылықтарды насихаттайтын “Өзін-өзі тану” пәні оқушылардың білім көкжиектерін кеңейтуде. Бұл пән – білімге ұмтылған өрендер үшін теңдесіз рухани қазына.

Өмірге жаңаша көзқарас, тың ізденіс қалыптастыратын оқу бағдарламасы арқылы білім алушылар ұлттық құндылықтардың маңызына айрықша мән беруде. Қоғамдағы адамзаттық құндылықтарды жаңғыртуға негізделген пәннің тәрбиелік мәні зор.

Жақында мектебімізде “Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік бағдарламасын интеграциялау” тақырыбында облыстық семинар өтті. Бұл шара қатысушыларға қызықты әрі пайдалы болды.

Мектеп директоры Бекайдар Шалахаев қанатқақты жоба аясында рухани-адамгершілік білім берудің мүмкіндігі жөнінде айтты. Ал Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы Гүлнәр Ахметова өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығына тоқталып, әріптестерімен тәжірибе алмасты. Өзге де қатысушылар өз ойларын ортаға салып, шара барысында шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушылар оқу ордасында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіруге үлес қосып отырған ұжымға ризашылықтарын жеткізді.

Айтжан АЙТАСОВА,

Петропавл қалалық №42 орта мектептің ұстазы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика