Сіз мындасыз: Home BILIM BERÝ

ҰСТАЗДАР ЕМТИХАННАН СҮРІНБЕДІ

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған мазмұн бойынша білім беретін педагогтердің еңбекақысы 30 пайызға көтерілсе, алдағы 1 қыркүйектен жаңа форматтағы аттестаттаудан өткен ұстаздардың жалақысына 50 пайызға дейін үстеме қосылмақ. Осындай мүмкіндікті пайдалануды ұйғарған 2451 солтүстікқазақстандық педагог екі кезеңнен тұратын сынақтан өтіп, өз білімдерін дәлелдеді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 22

КЕҢӨТКЕЛ КЕРЕМЕТТЕРІ

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Уәлиханов ауданына қарасты Кішкенекөл ауылының оқушылары Ақмола облысына экспедицияға шығып, зерлі Зерендінің Кеңөткел тұрағындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 22

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

“Достық” пен “Ақ қайың” балалар сауықтыру лагерьлері солтүстікқазақстандық оқушылар арасында танымал және сүйікті демалыс орындарының біріне айналған. Былтыр облыстық білім басқармасы бұл екі лагерьді кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға тапсырған болатын. Көптен бері күрделі жөндеу көрмеген лагерьлерді жаңғырту жұмысы жүргізілген екен. Жақында биылғы маусымдағы жаңашылдықтар және демалушы балалардың көңіл-күйі мен қал-жағдайын біліп қайтудың мүмкіндігі туды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 21

БАСТЫ БАҒДАРЛАМА

Жаһандану дәуіріндегі қатаң бәсекелестік жағдайында “Мәңгілік ел” құруға ұмтылу саяси, әлеуметтік-экономикалық егемендікке, рухани тәуелсіздікке қол жеткізуді, жаңа сапалы білімді талап етеді. Мұның барлығы жаппай жаңғыртудың арқасында мүмкін болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” Жолдауындағы негізгі ойға дәл осылайша сипаттама беруге болады. Жолдауда негізгі бағыттар көрсетілген, олар жаңа әлемге, яғни, төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 26

АЛТЫН ҰЯДАҒЫ ТОЙ

Есіл ауданындағы Бірлік ауылының тұрғындары жергілікті мектептің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. Осы күні білім ордасының өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан ардагер-ұстаздар мен бірқатар түлектер марапатталды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 52

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика