ДЕРТ ДАУАСЫЗ БОЛМАС

Осы уақытқа дейін туберкулездің ауыр түрлеріне шалдыққан науқастар айлап, тіпті, жылдар бойы ем қабылдаса, енді “Бедаквилин”, “Деламанид”, “Линезолид”, “Клофазимин” сияқты жаңа препараттарды қолданудың нәтижесінде емдеу курсын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік туды. Мәселен, екі жыл үзбей ем қабылдайтын науқастар үшін емдеу мерзімі бір жылға қысқарады. Ал туберкулездің асқынған түріне шалдыққан науқастар үш жыл емес, екі жылдың ішінде емдеу курсын аяқтай алады.

Бұл туралы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бөлімше меңгерушісі Кенжегүл Әріпова журналистермен кездесу барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жаңа дәрілермен туберкулезді емдеу нәтижелі әрі тиімді болмақ. Жаңа емдеу тәсілдерін қолдану арқылы науқастардың аурудан айығуына жағдай жасап, емдеу тиімділігін 95 пайызға арттыруға, өлім-жітімді азайтуға болады. Алайда, біздің өңірдегі бұл дәрілердің қоры тек отыз емделушіге ғана жеткілікті екенін баса айтып өткен жөн.

Қазіргі таңда облыстық диспансерде 657 науқас есепте тұр. Оның 427-сі туберкулездің ауыр түріне шалдыққан. Қауіпті кесел балалар арасында да кездеседі. Ал облыста жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде ауру көрсеткіші өткен жылы 8,2 пайызға азайғанымен, біздің өңір республикада бірінші орында тұр.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика