АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУ

Қазіргі кезде артық салмақ қоғам дертіне айналды. Артық салмақпен әркім әрқалай күреседі. Бірі спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанса, енді бірі дәрі-дәрмек ішіп, диета ұстауды жөн санайды. Дегенмен, артық салмақпен күресте халықтық медицинаның пайдасын ұмытпаған жөн.

Оның бірнеше тәсілі бар. Мәселен, асқабақ тосабы артық майлармен ғана күреспей, адамның бүкіл ағзасына жағымды әсер етеді. Сондай-ақ, ол ағзаны артық заттардан тазалайтын қасиетке ие. Бұл тосапты дайындау үшін оны қабығынан тазалап, дәндерін алып тастау керек. Бөлшектеп туралған асқабақты ыдысқа салып, оған апельсин мен лимон қабығының үгіндісін қосады. Оның үстіне қант себеді. Кейін баяу отта қайнатып, дайындалған тосапты күн сайын жеу қажет.

Асқабақ шырыны да семіздіктен арылтады. Ол асқазан-ішек жұмыстарын жақсартып, қант диабетімен ауыратындарға да ем. Сондай-ақ, қырыққабаттан дайындалған шырынның да пайдасы орасан. Мұндай шырынды жаңа дайындалған кезде ішкен дұрыс. Қырыққабаттан дайындалған шырынды тамақтанудан 40 минут бұрын бір стақаннан ішіп отыру керек. Үш апта ішкеннен кейін нәтижесін көруге болады. Бұл шырын ағзаны тазалап, көмір-сулардың майға айналуын тоқтатады да, зат алмасуды реттейді.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика