ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР

“Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша Айыртау аудандық орталық ауруханасында еңбек етіп жатқан жас мамандардың бірі – Дамир Таспулатов. Ол Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің жалпы хирургия мамандығын тамамдаған.

Жас маман еңбек әліппесін табиғаты көрікті өңір Айыртаудан бастауды жөн көрген. Жұмысын жауапкершілікпен атқаратын Дамир Базарбайұлының болашағына әріптестері де үмітпен қарайды. Алғыр, елгезек жігіт зор табысқа жетуді армандайды. Қан тамырлар жүйесі ауруларын емдеу бойынша біліктілігін арттыруды алдына мақсат еткен.

Жастарға қолдау көрсеткен мемлекетке оның айтар алғысы шексіз. Мемлекеттің қамқорлығының арқасында баспанамен қамтамасыз етіліп, бір реттік көтермеақы алды.

– Дәрігер болуды бала күнімнен армандадым. Бүгін, міне, сол арманыма қол жеткіздім. Медицина – жауапкершілігі зор мамандық. Әр адамның өміріне, денсаулығына жауапкершілікпен қарау абзал. Басы ауырып, балтыры сыздаған науқастардың тән жарасы мен жан жарасын емдеп жазу, қиын сәтте демеу болу – біздерге жүктелген абыройлы міндет, – деді жас дәрігер.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика