ЕРІКТІЛЕР КӨМЕГІ

Есірткі қолданушылардың көбі мамандардың көмегіне жүгініп, дәрігерге барудан жүрексінеді. Есірткіге тәуелділерден адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру қаупі жоғары. Осы санаттағы азаматтармен алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл орайда, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық мамандары арнайы әдіс-тәсілдерді қолдануда.

“Тең-теңге” деп аталатын әдіс белгілі бір топтағы қатысушылардың мінез-құлқын өзгертуге ықпал етеді. Біздің орталық мамандары аталмыш әдісті 15 жылдан астам уақыт қолданып келеді. Мәселен, есірткі қолданушы топтарда алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін мамандарға еріктілер көмек көрсетеді. Еріктілердің басты мақсаты – есірткінің қаупін түсіндіріп, бұл зиянды әдетке тәуелділіктен арылуға септесу. Оларды тәлімгер-құрбы, жаттықтырушы деп атайды. Халықаралық деңгейде аутрич-қызметкер деген атауы бар.

Бүгінгі таңда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталыққа он аутрич-қызметкер көмек көрсетуде. Еріктілер адамдармен әңгімелесіп, көптеген қызметтерді атқарады. Аутрич-қызметкерлердің көмегінсіз нысаналы топтың назарын аудару мүмкін емес екенін мойындау қажет. Сондықтан орталық мамандары көмекшілердің жұмысын ерекше бағалайды.

Қарлығаш ӘКІНОВА,

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың дәрігері.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика