МАСА МАЗАНЫ АЛСА...

Жазды мазаны алатын масасыз елестете алмаймыз. Әр адамды маса шағады. Оған бойымыз әбден үйреніп алды. Бірақ қан сорғыштың кесірінен әртүрлі аурулар таралуы мүмкін.

Аллергияға бейім жандарды маса шақса, денесі бөртіп, қызарып кетеді. Оны қасыса, жара пайда болады. Көбінесе балалар масаға таланады. Бұл жәндіктерден қорғануды білмейтін кішкентайлардың денесіне қызыл дақ түсуі ықтимал. Ондай жағдайда есте ұстайтын бірнеше қағида бар. Маса шаққан жерді бананның қабығымен ысқылауға болады. Сол сәтте-ақ қышу басылып, адам мазасызданбайды.

Тіс пастасы, ас содасы, пияз, мұз бен балдың пайдасы орасан зор екенін көпшілігі білмейді. Мәселен, бір шай қасық ас содасын бір ас қасық сумен араластырады. Дайын қоспаны қызарған жерге жағып, 15-20 минут ұстау керек. Ал қабығынан аршылған пиязды жіңішке етіп турап, қызарған жерге қояды. Пияздың көмегімен қышу басылып, ісіну болмайды. Мұздың да тигізер көмегі көп. Сарымсақ немесе қызанақтың тілігі де дененің бөртуіне тоқтау болады. Сондай-ақ, көп ауруға ем болып табылатын балдың масаға қарсы күресетін қасиеті бар екенін де естен шығармаған жөн.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика