ЗИЯНДЫ ЗАТ — ҚАУЫННЫҢ ҚАБЫҒЫНДА

Жеміс-жидек, көкөніс құнарлы тағамға жатады. Бірақ олардың құрамындағы зиянды заттар адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Көбінесе нитраттар көкөністердің жапырақтарында кездеседі. Әсіресе, орамжапырақта ерекше байқалады. Ал сәбізде нитраттардың көп бөлігі сабағында және түбінде кездеседі. Қияр, асқабақ, қауын және қарбыздың қабықтарында да болады. Сондықтан шикі піскен жеміс-жидек пен көкөністен аулақ болған жөн. Жылыжайда өсірілген көкөністі ерте жұлмау керек. Өйткені, олардың құрамында нитраттар көп. Сапасыз тағамдардан да аулақ болған жөн. Мүмкіндігінше көкөністердің қабығын аршу қажет. Аскөк пен балдыркөкті суық суға салған пайдалы. Сонымен қатар көкөністерді тұздау артық етпейді. Тұздалған көкөністің нитраты тұздыққа сіңетінін ұмытпау керек.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті дұрыс тамақтануға қатысты халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында сауда нысандарында тұрақты түрде “Қауіпсіз өнімді таңда” атты акция өткізеді. Тұтынушылар өзге өңірлерден жеткізілген, шетелдерден келген өнімдердің сапасын тексере алады. Жыл басынан бері облыс бойынша осындай 127 акция өтті. Бұл шара аясында сәйкес келмейтін сынамалар тіркелген жоқ.

Светлана ОСТАПЕНКО,

облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика