КҮН ӨТУДЕН ҚОРҒАНУ

Басыңыздан күн өтіп, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз халық еміне жүгінуге болады.

Мәселен, бірнеше қабатталған дәкені салқын суға малып алып, маңдайға, көкірек айналасына, ішке компресс жасау керек. Мүсәтір спиртіне малынған мақтаны иіскеу де көмегін тигізеді. Зақымданған теріге кефир немесе қаймақ жаққан пайдалы. Күннің ыстығынан пияз да қорғайды. Оның сөлімен алақан мен табанды сүртуге болады. Лаванда майының да күннен қорғайтын қасиеті бар. Ол үшін 1 ас қасық лаванда және 10 ас қасық өсімдік (зәйтүн немесе күнжіт) майларын араластырып, маңдай, табан, алақанға жағу керек. Емдік қасиетін күшейту үшін аздап алоэ шырынын қосуға болады. Сондай-ақ, жалбыз шайының да көмегі зор. Басынан күн өткендерге салқындатылған жалбыз шайын ішкен пайдалы. Бұл ыстықты басады, мазасыздықтың алдын алады. Сондай-ақ, ағзаны қуаттандырып, бойды сергітеді.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика