ЖАСТЫҚ ЖАЛЫН

Бүгінде мемлекет тарапынан жас мамандарға қолдау ерекше. “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан жастарға көтермеақы төленетіні, тұрғын үй алуға қаржы берілетіні көңілге қуаныш ұялатады. Нұрсапар Басымбеков сияқты ауылға келіп, жұмыс істеуге құлшыныс білдірген жас мамандар аз емес.

Астана медициналық университетін тамамдаған ол бүгінде Ақжар аудандық ауруханасында анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істейді. Дәрігер болуды бала күнінен армандаған екен. Адамдарға жақсылық жасауға ұмтылған жас маманды құшақ жайып қарсы алған аурухана ұжымы жас дәрігерден үлкен үміт күтеді. Аға буынның ақылын тыңдап, әріптестерінің ізгі ниетіне риза болған Нұрсапар Сапақбайұлы ұжымның көңілінен шығып, емделушілердің алғысын арқалауды мақсат еткен.

– Университет қабырғасында өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысып, алыстағы Ақжар ауданына баруды ұйғардым. Адамның қай жерде емес, қалай жұмыс істейтіні маңызды. Сол себепті, тұрғындарға көмек көрсету үшін ауылға аттандым. Мұнда келгеніме өкінбеймін. Жақында 1,5 миллион теңге көтермеақы берілмек. Алаңсыз жұмыс істеп, еліміздің гүлденуіне өзіміздің үлесімізді қосуымыз керек, – деген дәрігердің ертеңгі күнге сенімі нық екенін аңғардық. Нұрсапардың зайыбы да аудандық ауруханада медбике болып жұмыс істейді. Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында айтылған медициналық қызмет сапасын көтеруге өзінің үлесін қосуды азаматтық әрі кәсіби міндеттері санайды.

 Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Ақжар ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика