ҚҰТЫРМА - ҚАУІПТІ АУРУ

Құтырма – жануарлар мен адамдарда кездесетін аса қауіпті вирусты ауру. Жүйке жүйесін зақымдайтын құтырманың соңы өлімге әкелуі мүмкін. Бұл ауру жануарлардың сілекейі арқылы жұғады. Ауруды дер кезінде анықтап, емдеу шараларын уақытында жүргізген жөн. Егер науқаста құтырманың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда оны өлімнен арашалап қалу мүмкін емес.

Бұл қауіпті дерт адамдарға үй жануарлары арқылы жұғады. Соңғы рет біздің облысымызда құтырма ауруы 1998 жылы тіркелген.

Жануарлар сілекейінің ағуы, агрессия, сал ауруы құтырманың негізгі белгілері болып саналады. Құтырма жұқтырған итте бастапқы кезеңде ауру белгісі байқалмайды. Тек тамақ жемей, көзден таса жүреді. Ал құтырма қозған жағдайда адамдар мен жануарларға шабуыл жасайды. Сондықтан тұрғындар күдік тудыратын жағдайларды байқаса, бірден ветеринарға хабарласып, жұқпалы аурудың алдын алу шараларын қолға алуы тиіс.

Көшеде қаңғыған иттер мен мысықтар қоғамнан оқшаулануы тиіс. Адамдардың қауіпсіздігі үшін иттерді байлап ұстау керек. Серуенге қарғыбаумен және тұмылдырықпен шығару қажет. Мүмкіндігінше үй жануарларын көше кезген иттердің маңына жолатпаған жөн. Бұл ретте иттерге құтырмаға қарсы екпе салудың маңызы зор. Үй және жабайы аңдар қапқан (тырнап алған) жағдайда зардап шегуші жараны таңып, бірден медициналық мамандардың көмегіне жүгінуі шарт. Барлық ем-дом тегін жүргізілетінін еске саламыз. Құтырманың нақты емі жоқ, бірақ аурудың алдын алу үшін екпе алудың маңызы зор.

Юлия ГАЙСИНА,

облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика