ТЕГІН КӨМЕК

Бүгінде бүйректің ауыр дертіне шалдыққан науқастар аз емес. Статистикалық деректерге сүйенсек, еліміз аталмыш ауруға шалдығушылардың жиілігі жөнінен алдыңғы орындардың бірінде.

Науқастарға бүйрек ауыстыру қажет. Бірақ мұның да өз қиындықтары бар. Ең басты мәселе – донор тапшы. Сондықтан көптеген науқас диализдің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Әсіресе, облыс орталығынан шалғайдағы аудан тұрғындарына бұл мәселе біршама қиындық тудырады. Дегенмен, денсаулық сақтау саласындағы тың өзгерістер қуантады. Мәселен, жақында Шал ақын ауданында көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіру мақсатында гемодиализ орталығы ашылды. Бұл орталықтың қызметін Тимирязев, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың тұрғындары да пайдалана алады. Орталықтың меңгерушісі Кенжетай Бекенов бұрын диализге мұқтаж жандар аптасына үш рет Петропавлға қатынап тұруға мәжбүр болса, енді олар жергілікті жерде қажетті медициналық көмек алып жатқанын жеткізді. Нефролог дәрігердің айтуынша, орталық қажетті құралдармен жабдықталған.

Қазіргі таңда емдеу мекемесі толық қуатында жұмыс істеуде. Бір күнде төрт адамға көмек көрсете алады. Диализ ем-шарасы науқастар үшін тегін көрсетіледі. Барлық шығын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен өтеледі.

Айнагүл АСЫЛБЕКОВА,

терапевт-дәрігер.

Шал ақын ауданы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика