Атқарылған жұмыстар

Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында облыстық денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет ұйымдары 9 607,2 млн. теңгенің қызметін көрсетті, соның ішінде 90,5 пайызы – бюджет, 6 пайызы – халықтан түскен қаражат, ал 3,5 пайызы кәсіпорындардан түскен қаражат есебінен орындалды.

Қызметтердің ең үлкен көлемі ауруханалық ұйымдар қызметі есебінен қалыптасты, олар 5089,6 млн. теңге (53 пайыз) көлемінде қызмет көрсетті. Жалпы, дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар үлесі 13,2 пайызды, адам денсаулығын қорғау жөніндегі қызметті жүргізетін мекемелер – 11,7 пайызды, мамандандырылған дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар – 10,3 пайызды, әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер – 8,6 пайызды, стоматологиялық қызмет көрсететін ұйымдар 3,2 пайызды құрады.

Облыстық статистика департаменті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.