ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ МАРАПАТ

Облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес саласында үздік нәтижелерге қол жеткізген кәсіпкерлерге құрмет көрсетілді.

Құрылыс саласында өзіндік айшықты таңбасын қалдыра білген “Основание” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сергей Тимофеевке ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткен салтанатты шарада “Құрмет” ордені табысталған болатын. Ал бұл жолы ол кәсіпкерлікте айтарлықтай жетістікке қол жеткізген әріптестерімен бірге “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының марапатына ие болды.

Салтанатты шара барысында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерінің өңір экономикасы мен кәсіпкерлік саласын дамытуға қосқан үлесін атап көрсетіп, сәттілік тіледі.

Үздік атанғандар ішінде “Таткрафт-Инвест” ЖШС-нің директоры Андрей Исаковқа – үшінші дәрежелі “Өз ісіне адалдығы үшін” медалі, “СевЕсілАстық” серіктестігінің директоры Расул Дадашевқа ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысып жүрген “Казградстрой-НС”, “НТС-Азия”, “DEZ” және “ЗМО” компанияларының басшылары Александр Авдеев, Дмитрий Женченко, Дурсунбей Танрикула мен Тимур Тоқмұханбетов Алғыс хатқа ие болды.

Марапатталғандар болса, жыл бойғы еңбектерінің бағаланғаны үшін алғыстарын жеткізіп, өңірді өркендету жолында еңбек ете беретіндерін атап айтты. Жиын соңында кәсіпкерлер саладағы өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика