ҚҰНЫ ӨСТІ

Жаңа жылдан бастап электр қуатын жекелей тарату қызметінің бағасы тұтынушы топтар үшін бес пайызға қымбаттады.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Наталья Шаяхметованың айтуынша, 2018 жылы орташа тариф қосымша құн салығын есептегенде 15,36 теңгені құрады. Яғни, тұрғындар үшін орташа тариф 5 пайызға көтеріліп, 13,59 теңге (ҚҚС-мен бірге) болды. Ал заңды тұлғалар электр энергиясы үшін 5,2 пайызға өсірілген тариф бойынша есептесетін болады, яғни оның құны 16,31 теңгеге тең. Айта кетейік, мұндай шешім өткен жылдың соңында “Севказэнерго” ЖШС-і қоғамдық тыңдау өткізіп, департаментке бағаны өсіру туралы өтініш жасағаннан кейін қабылданып отыр. Бағаның өсуіне электр энергиясының тасымалы мен өзге де шығындардың артуы себеп болған. Өңірімізде жарық бағасы соңғы рет 2016 жылдың қаңтарында қымбаттаған.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.