ҚАРЫЗ ҚАЙТАРЫЛСА ИГІ

Облысты электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған “СевКазЭнергосбыт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұтынушыларының дебиторлық берешегі бүгіндері 307,5 млн. теңгені құрады. Оның 140 млн. теңгесі – жеке тұтынушыларға, ал 167,5 млн. теңгесі заңды тұлғаларға тиесілі.

Бүгінгі таңда компания үшін тұтынушылардың дебиторлық берешектерін жабу мәселесі маңызды болып отыр. Себебі, тұтынушылар электр энергиясын тұтынғаннан кейін ғана оның ақысын төлейді. Өкінішке қарай, тұрғындардың бір бөлігі төлемақыны уақытында төлемей, электр энергиясы үшін мекемеге қарыз болады.

“СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і 83 мыңға жуық солтүстікқазақстандыққа қызмет көрсетеді. Оның 10 пайызға жуығы – пайдаланған электр қуаты үшін уақытында есеп айырыспайтындар. Осыған орай, компания дебиторлық берешекті азайту және онымен күресу үшін бірқатар шараларды қолға алып отыр. Ай сайын әр тұтынушыға тұтыну мөлшері мен қарызы туралы түбіртек жеткізіледі. Қарызы көбейіп кеткендерге ескерту жасалады. Ескертуге құлақ аспаған тұтынушы электр тарату желісінен ажыратылады. Атап айтқанда, 2017 жылы дебиторлық берешегі бар 4218 тұтынушыға қатысты осы шара қолданылды. Ал желіге рұқсатсыз қосылған борышкердің ісі әрі қарай сотта қаралады.

Былтыр жеке сот орындаушыларымен бірлесіп жүргізген рейдтердің барысында кәсіпорын әкімшілігі сот органдарына 3034 талап-арыз түсірді. Нәтижесінде 836 тұтынушы қарызын ісін сотқа дейін жеткізбей өтеді. Ал әкімшілік соттың шешімімен 1799 тұтынушы 196,8 миллион теңгенің қарызын өтейтін болып шешілді. Қазіргі уақытта 52 млн. теңгенің 399 талап-арызы қарастырылуда.

Борышкерлермен күресу барысында мүлікті тәркілеу, Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу, берешекті тұтынушының еңбекақысы мен зейнетақы жарнасынан ұстап қалу сияқты шаралар қолданылады. Соңғы жылдары қарызы көп тұтынушылардың баспаналары мен автокөліктеріне, басқа да дүние-мүлкіне бағалау жұмыстарын жүргізіп, саудаға шығару әдісі қолданылуда. Бұл шара нәтижелі екені сөзсіз. Себебі, мүлкінен айырылғысы келмейтіндер тез арада қаражат тауып, қарызын өтейді.

Мәселен, бүгінге дейін сотқа 18,1 млн. теңгенің 41 талап-арызы жіберілді. Нәтижесінде мүлкінен айырылғысы келмеген 14 азамат 2,3 млн. теңгенің қарызын төлесе, тағы алты тұтынушы борышын бөліп төлейтін болды.

Андрей АГЕЕВ,

“СевКазЭнерго” АҚ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика