ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Соңғы жылдары “Петропавл жылу желілері” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңіріміздегі тозығы жеткен жылу құбырларын күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыруда. Үстіміздегі жылы да бұл жұмыстар өз жалғасын табады.

“Петропавл жылу желілері” ЖШС-і жылу магистралінің ұзындығы 234 шақырымды құрайды. Бүгіндері оның 65,1 пайызы тозған. Бұл көрсеткішті азайту мақсатында компания басшылығы біржылдық жұмыс жоспарын бекітті. Осы компания жыл соңына дейін облыс орталығында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3,6 млрд. теңге жұмсауды көздеп отыр.

Үстіміздегі жылы жылу жүйелеріне инвестициялық бағдарлама мен тарифтік қаржы көздері есебінен 11,9 шақырым жылу желісі ауыстырылмақ.

– Кәсіпорынның басты мақсаты – жылу қуатының шығындарын азайту мен жабдықтың тозу көрсеткіштерін төмендету болып табылады. Негізгі қорды жұмыс жағдайында ұстау және тұтынушыларды сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін кәсіпорында “2016-2020 жылдар аралығында “Петропавл жылу желілері” ЖШС-ін дамыту, қайта құру және техникалық жарақтандыру” инвестициялық бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарлама серіктестіктің өз ақшасы, сондай-ақ, Еуропалық қайта құру және даму банкінің инвестициялық заемы мен “Нұрлы жол” бағдарламасы арқылы қаржыландырылады. Күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары тұрғындардың жылу қуатына төлеген тарифтік қаражаты есебінен де жүргізілетін болады, – дейді “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің бас директоры Игорь Рыбас.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, облыс орталығындағы жылу құбырларының ескіріп, оның өзекті мәселеге айналғанына біраз уақыт болды. Десек те, соңғы үш жылда жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында жағдай біршама жақсарғаны байқалады. Бүгіндері компания жылу құбырларын оқшаулау, жылу бекеттері мен сорғы станцияларын қайта жабдықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Игорь ТАТАРЧЕНКО,

“СевКазЭнерго” АҚ-ы жұртшылықпен байланыс бөлімінің маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика