НАҚТЫ КӨМЕК

Өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы саласын дамытып, қолдау көрсетуді көздеген мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда.

Былтыр “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының аясында облысымызда 568 жаңа жұмыс орны құрылған. Жобаларды жүзеге асыруға ел бюджетінен 2 млрд. 441 млн. теңге бөлінсе, бұл қаражаттың тең жартысы кәсіпкерлер алған несиелердің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және қарызды кепілдендіруге бағытталды. Барлығы 58 несие мемлекет тарапынан кепілдендірілді.

Мемлекет қолдауын сезініп, аталған бағдарламаның тетіктерін пайдаланған кәсіпкерлер бюджетке 1,6 млрд. теңгенің салығын төледі. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық. Өткен жылы бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдауды көрген 119 жобаның 60 пайызы ауылды жерде жүзеге асырылды. Егер Тайынша, Тимирязев, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан тұрғындары жеке кәсібін ашып, бар бизнесінің аясын кеңейту бойынша белсенділік танытса, бұл көрсеткіш бойынша Ақжар мен Уәлиханов аудандары көш соңында келеді.

Мамлют ауданының тұрғыны Владимир Ульянов – мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп жүрген жерлестеріміздің бірі. 2012 жылдан бері жиһаз шығарумен айналысатын кәсіпкер заманауи жабдықтар мен сапалы өнім кез келген жетістігінің кепілі екенін жақсы біледі. Сондықтан оның цехы сапалы өнім шығара алатын қондырғымен жабдықталған. Осыдан бірер жыл бұрын мемлекеттік бағдарламалардың көмегіне жүгінген ол “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында екінші деңгейдегі банктен 1,5 млн. теңгенің несиесін алған. Бұл қаражатқа екі станок сатып алып, итальялық жиһаз өндірісін іске қосу мүмкіндігіне ие болды.

Қызмет аясын кеңейтуді көздеген ауыл тұрғыны аудандағы кәсіпкерлікті қолдау орталығына келіп, мамандардың көмегіне жүгінген. Бұл жерде білікті мамандар бағдарламаның шарттарын түсіндіріп, ақпараттық кеңес берді. Кәсіпкерге “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ы арқылы несие алу үшін құжаттар жинауға көмек көрсетті. Сөйтіп, 2 млн. теңгенің несиесін рәсімдеп, “ГАЗель” маркалы автокөлік сатып алған іскер азамат тұтынушыларына тапсырысты қалаған жеріне жеткізіп береді.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.