СЫЙАҚЫ АЛДЫ

“Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ы өз салымшыларына барлық тиімді жағдайды жасап отыр. Салымшылардың 900 мыңға жуығы тиісті мемлекеттік сыйақыларын алды. Соның ішінде ең жоғары – 90 760 теңге мөлшеріндегі бонусқа банктің 160780 клиенті қол жеткізген. Олар 2017 жылы шоттарында кем дегенде 453 800 теңге, яғни 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинаған. Отбасы мүшелерінің атына бірнеше депозит ашып, осы көрсетілген соманы олардың бәріне бірдей салып тұрса, мемлекеттік сыйақы әр шотқа аударылады.

Қажетті қаражат жиналысымен депозиттерді біріктіріп, жылдық 5 пайыз мөлшерлемесімен баспана сатып алуға болады. Мұндай мүмкіндік “Отбасылық пакет” деп аталады.

Алайда, биыл қаржы институты ел бойынша барлығы 5000 депозитке тыйым салған. Бұл шоттардың иелері қажетті мөлшерде салым жинағанымен мемлекеттік сыйақы ала алмаған. Өйткені, бұл салымшылар екінші деңгейдегі банктердегі берешектерін уақытында қайтармапты.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика