ҚОНЫСТОЙЛАР КӨБЕЙЕДІ

Әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларды талқылау мақсатында өткен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үндеу жариялап, тұрғын үй мәселесіне қатысты ұтымды ой айтты.

Президенттің бес әлеуметтік бастамасының біріншісінде әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндігін жасау қарастырылды. Көптеген адамдарға арман болған баспанаға қатысты бұған дейін де Елбасымыздың бастамасымен түрлі бағдарламалар, ауқымды жобалар қолға алынған еді. Бұл мәселені үнемі назарда ұстайтын Мемлекет басшысы айтып өткендей, 2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл өткен сайын облыс орталығында да көптеген жаңа үйлер тұрғызылып, тұрғындар қуанышқа кенелуде. Десек те, әлі баспанасыз жүрген отбасылар аз емес. Бұл орайда, “7 – 20 – 25” бағдарламасы ұсынылып, несиенің үстемеақысы 7 пайыздан аспауы тиіс екені айтылды. Көптеген отбасыларға бұл жақсы мүмкіндік болары сөзсіз. Баспана құнының бастапқы жарнасының 20 пайыз мөлшерінде белгіленгені де жақсы жаңалық.

Айдархан МУСИН,

облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика