ТАЛАПТЫ ЖЕТЕР ТАБЫСҚА

Елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өткен жылы Жамбыл ауданында бес нәзік жан мемлекеттік қолдаудың шарапатын көріп, өз идеяларына жан бітірді.

Жақында біраз уақыт бойы жұмыссыз жүрген Баян ауылының тұрғыны Ұлболсын Үмітбаева да мемлекеттің қолдауын сезініп, кәсібін ашу мүмкіндігіне ие болды. Қорасын мал мен құсқа толтыруға ден қойған ол аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығының көмегіне жүгінді. Мұндағы менеджер-кеңесшілер оған алдымен бизнес-жоспар құруды үйретіп, жеке кәсіпкерлігін оңтайлы тіркеу тәртібін түсіндірді. Осындай кешенді көмектің арқасында ауыл тұрғыны “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы” аясында 1,2 миллион теңгенің несиесін рәсімдеді. Көп кешікпей бұл қаражатқа 40 қой мен 200 қаз сатып алды.

– Отбасылық бизнеспен айналысу менің көп жылғы арманым еді. Алайда, осы салада жеткілікті білімім мен бастапқы қаржым болмағандықтан, тәуекелге бара алмадым. Тек “Бизнес кеңесші” курсын өткеннен кейін және аудандық филиал қызметкерлерінің қолғабысының арқасында ғана несие алуға бел будым. Кәсібім табысты болуы үшін аянбай тер төгетін боламын, – дейді Ұлболсын Үмітбаева.

Биыл нәзік жан кәсібін кеңейтіп, одан түскен қаржыға “Линда” тұқымды қаздар сатып алмақшы.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика