НАҚТЫ ҚОЛДАУ БАР

Бүгіндері еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуына мемлекет тарапынан зор көңіл бөлінуде. Бұл ретте несие беру бағдарламалары, сыйақы мөлшерлемесі төмендетілген демеуқаржы сияқты түрлі жеңілдіктер қарастырылған.

Кәсіпкерлер палатасының Уәлиханов аудандық филиалы өзін бизнестің сенімді және тұрақты серіктесі ретінде көрсетіп жүр. Сондықтан кәсіпкерлер бұл мекеменің табалдырығын жиі аттайды. Мәселен, жуырда “Сәлімжан” шаруа қожалығының басшысы Сәбит Қожағұлов машина-трактор паркін жаңарту мақсатымен осы орталыққа келді. “ҚазАгроқаржы” акционерлік қоғамы арқылы ауыл шаруашылығы техникасына лизинг алу үшін ол кеңесшілерден қажетті құжаттарды жинап беруге көмек сұраған. Осылайша, керек қағаздардың бәрі де жедел жиналып, қаржы институтына бағытталды. Бірлескен қимылдың нәтижесінде комиссия лизингке рұқсат берді. Сөйтіп, үстіміздегі жылдың қаңтар айында Сәбит Қожағұловтың шаруашылығы жаңа “Беларусь” тракторымен толықты.

Қазіргі таңда осындай көмек “Ақбұлақ” пен “Беркут” өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және “Елешкей” шаруа қожалығына көрсетілуде. Мұндай қолдауға басқа да субъектілер ие бола алады.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика