МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ОҢТАЙЛЫ ПАЙДАЛАНУ

Экономикалық реформалар жүргізу кезеңінде елімізде мемлекеттік активтерді басқару мәселесі ерекше маңызға ие болып келеді. Сондықтан мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл жұмыс бірқатар елдердің мемлекеттік мүлікті басқару бойынша тиімді ұйымдастырылған құрылымдарының тәжірибелеріне сүйене отырып, қолға алынған “Бірыңғай баланс ұстаушы” жобасының пайдасы зор болып отыр. Ол үш жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1012 қаулысымен бекітілген 2014-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы құрылымдық реформаларды жүзеге асыру бойынша жол картасының 16-тармағының аясында қолданысқа енгізілді. Егер қанатқақты жоба алдымен Ақтөбе облысында қолға алынса, 2015 жылдан бастап еліміздің әр өңірінде сәтті жүзеге асырылып келеді.

Республикалық жоба жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі ғимараттар мен автокөлік құралдарына қызмет көрсетуге жұмсалатын бюджет шығындарын үнемдеп, штаттан тыс қызметкерлердің санын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді оларға тиесілі емес функциялардан босатуға және жеке бизнесті қолдауға бағытталған.

Осыған орай біздің департамент мамандары жыл сайын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітілген мемлекеттік мүліктердің тиімді және мақсатты пайдалануы бойынша бақылау шараларын жүргізуде. Үкімет алға қойған міндеттерді орындау барысында қозғалмайтын 29 нысан мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты ведомстволардың аумақтық құрылымдарының 22 автокөлік құралы облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің балансына берілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік орган аппаратының орналасуы үшін алаңдарды жүйеге келтіру бойынша жұмыстар да атқарылды. Бұл жерде мемлекеттік құрылымдар осыған дейін жұмыс орнын жеке секторлардан жалға алып, ол үшін ай сайын ақша төлеп, коммуналдық қызмет төлемдерін жасап келгенін ескерген жөн. Бір сөзбен айтқанда, бұл мақсаттарға республикалық бюджет қаржысы көп шығындалып келді. Ал қазіргі уақытта мемлекеттік құрылымдардың жұмыс орындары үшін ақы алынбайды. Тек коммуналдық қызметтер, ғимаратты күту мен қызмет көрсетілуіне өздері жауапты болады.

Мүліктерді ұстауға және күтуге кететін шығындарды үнемдеуге байланысты қолға алынған шаралардың нәтижесінде республикалық бюджеттен қысқартылған қаржы Петропавл қаласы мен аудандардағы әкімшілік ғимараттардың, көлік құралдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына бағытталды. Атап айтар болсақ, 2017 жылы Петропавл қаласы, Қызылжар, Мамлют, Аққайың және Шал ақын аудандарындағы мекемелерді және шатырын жөндеуге 17,6 млн. теңге жұмсалды. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласы, Юбилейная көшесі, 3-үй мекенжайындағы ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудандық қазынашылық бөлімінің мамандары осы ғимаратқа көшірілді. Сөйтіп, босатылған 230 шаршы метрлік ғимарат басқа мемлекеттік органның балансына берілді.

Мемлекет қызметшілерінің қолайлы ортада жұмыс істеулеріне жағдай жасау мақсатында Тимирязев, Тайынша, Ақжар, Қызылжар және Мамлют аудандарының ғимараттарындағы жылыту жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа 3,9 млн. теңге жұмсалды.

Қызылжар ауданындағы екі ғимарат орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. Бұған дейін нысандар көмірмен және сұйық отынмен жылытылып келген еді. Енді алдағы жылыту маусымында екі миллион теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделетін болады. Сондай-ақ, өткен жылы мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық бөлімдерінде 37409,8 мың теңгенің бейнебақылау жүйесі орнатылды. Ал жанар-жағармайды үнемдеу мақсатында “GPS” навигаторлар сатып алынып, 10 автокөлікке орнатылды.

Тексеру қорытындысы бойынша 3100 шаршы метр көлемінде артық аумақ анықталып, жалға беру және коммуналдық төлемдерді азайтудың арқасында 38 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Алдағы уақытта “Бірыңғай баланс ұстаушы” жобасын құқық қорғау органдарынан басқа мемлекеттік мекемелердің аумақтық құрылымдарында жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның нәтижесінде 100 жылжымайтын мүлік нысаны, яғни әкімшілік ғимараттар, мекемелер мен 101 автокөлік бірлігі департамент балансына өтіп, республикалық бюджет шығындары тағы да қысқартылатын болады деп күтілуде.

Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға негізделген жұмысты одан әрі жалғастырып, “Бірыңғай баланс ұстаушы” жобасын табысты түрде іске асыруға күш салатын болады.

Татьяна ФИЛИППОВА,

облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика