ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ

Заман талабынан қалмай, ізденудің арқасында табыс көзін тауып жүрген кәсіпкер әйелдер қатары күн санап қалыңдай түсуде.

Қазірдің өзінде өңірімізде 16 мың шағын және орта бизнес нысанына нәзік жандар басшылық етеді. Өткен жылы іскер әйелдердің қатарына облысымыздан жетпіс жерлесіміз қосылған. Ал биыл жыл басынан бері бұл тізімді тағы да алты адам толықтырды. Осы көрсеткіштердің өзінен-ақ әйелдердің өңір экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып отырғанын аңғаруға болады.

“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова талмай еткен еңбегінің арқасында біраз белесті бағындырған еңбек адамдарымен кездесу өткізді. Маңызды жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасында көрсетілген негізгі міндеттер әңгіме арқауына айналды. Табысқа жеткен әйелдер осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарын тілге тиек етіп, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика