ТЕХНИКА ПАРКІ ЖАҢАРУДА

“Көктемнің әр күні – жылға азық” демекші, солтүстікқазақстандық диқандар жердің тоңы жібіп, топырақ бусана салысымен, егіс жұмыстарына дайындық шараларын қолға алған. 25 сәуірдегі мәлімет бойынша, агроқұрылымдар топырақтағы ылғал қорын сақтау мақсатында 67,6 мың гектар алқапта ылғал жауып үлгерді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасы басшысының орынбасары Қуандық Шақұбаевтың айтуынша, соңғы жылдары жергілікті шаруашылықтар техника паркін жаңарту мәселесіне көңіл бөлуде. Биыл облыс диқандары 1310 жаңа техника сатып алуды жоспарласа, бүгінде оның 212-сі шаруашылықтарға жеткізілген. Жалпы жыл басынан бері “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ы арқылы 7,3 млрд. теңгенің техникасын сатып алуға 122 өтініш түскен.

“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы мамандарының хабарлауынша, биыл жаз жаңбырлы болады деген болжам бар. Сондықтан қызылжарлық диқандар күзде жақсы өнім аламыз деп үміттеніп отыр.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика