АТТАНЫС АЛДЫНДА

Қызылжар өңірінде көктемгі егіс науқанының басталуына санаулы ғана күндер қалды. 14 мамырдағы мәлімет бойынша, облыс диқандары ылғал жабу жұмыстарын толығымен аяқтап, 138,7 мың гектар жерге 10148 тонна тыңайтқыш сіңіріп үлгерген.

Биылғы көктемгі егіс науқанына 548 мың тонна тұқым дайындалған. Оның 474,9 мың тоннасына сараптама жүргізіліп, барлығы сапалы деп танылған.

– Егіс жұмыстарына дайындық шаралары барысында 446,2 мың тонна тұқым ашық аспан астына шығарылып кептірілсе, 205,1 мың тонна тұқым дәріленді. Өкінішке қарай, бұл жұмыстар бойынша Шал ақын, Есіл және Уәлиханов аудандары көш соңында келеді. Техниканың дайындығы барлық аудандарда ойдағыдай, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасы басшысының орынбасары Қуандық Шақұбаев.

Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 13,6 мың трактор, 16,3 мың тұқым сепкіш, 1,1 мың заманауи егіс кешені аттанысқа толықтай әзір.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика