ҚОНЫСТОЙ КӨБЕЙЕДІ

“Стройкомпания” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымы жаңадан бой көтеріп жатқан “Жас өркен” шағынауданының көркейе түсуіне айтарлықтай үлес қосуда. Бүгінгі күні олар 144 пәтерлік тоғыз қабатты үйді тұрғызу үстінде. Күрделі жұмыстардың басым бөлігі атқарылып, құрыш қолды құрылысшылар оның бесінші қабатының қабырғасын қалап жатыр. Мұндағы жұмысқа 80-ге тарта құрылысшы жұмылдырылған. Қабырғалары көтерілген қабаттардағы пәтерлердің есік, терезелері салынып, электр желілері тартылуда, сантехникалық, сылақ жұмыстары, басқа да ішкі жұмыстар ешқандай кідіріссіз атқарылуда. Серіктестік бұл тұрғын үйдің құрылысын үстіміздегі жылдың қаңтар айында бастаған. Құрылысшылар қоныстой иелерін осы жылдың желтоқсан айында қуантпақ ниетте.

Суреттерді түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика