ШАҒЫН НЕСИЕ ЕКІ ЕСЕГЕ КӨБЕЙДІ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Жеңісбек Дулатов шағын несие берудің талаптары мен жолдарын түсіндірді, Оның айтуынша, биыл Қазақстан тұрғындарына 14 мың шағын несие беру көзделген, оның 11 мыңы ауылдық жердегі тұрғындарға берілетін болса, қалған 3 мыңын қалалар мен шағын қалалар тұрғындары алады.

– Нарықта үш жылдан астам жұмыс істеген кәсіпкерлерге шағын несие берілмейді. Мұнда жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және кәсіпкерлікті жаңадан бастаған үміткерлерді, қаржыландыруға басымдық беріледі, – деді Жеңісбек Дулатов. Сондай-ақ, департамент басшысы ауыл тұрғындарына өнімін өткізу үшін ірі өңдеуші компаниялармен келісімшарт жасауда көмек көрсетілетінін еске салды. Ауылдық жерлерде дайын өнімді сататын нарық аз, тұрғындар тауарды қайда өткізетінін білмейді. Сондықтан ауыл шаруашылығы кооперациялары үшін 10 миллиард теңге қарастырылған. Қаржыландыру ірі өңдеу компанияларымен келісімшартқа қол қою нәтижесінде жүзеге асырылады. Биыл ауыл тұрғындары үшін 6 млн. теңгеге дейін, кооперациялар үшін 12 млн. теңгеге дейін несие беріледі. Қаржыландыру мерзімі жылына алты пайыздан жеті жылға дейін созылады.

Шағын несие алғысы келгендер “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалдарына бара алады. Әрі қарай “Бастау бизнес” бағдарламасы бойынша ең кемі 25 күн оқуы тиіс. Оқыту соңында үміткер тест тапсырып, арнайы сертификат алады. Ықтимал қатысушы оқып жатқанда, жергілікті ұлттық палата қызметкерлері несие алуға қажетті құжаттарды жинауға көмектеседі. Қаржы институтында өтінім екі апта қаралады.

Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі “Шағын несие беруді көбейту” деп аталады. Онда өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген шағын несие беріледі. 2018 жылы Елбасы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Соның нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 14 мың адамға жететін болады.

Айжан СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика