ІСКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНДІ

Облыстық кәсіпкерлер палатасының Айыртау аудандық филиалында “Бизнес бастау” жобасының екінші кезеңінің тыңдаушыларына сертификат табыс ету салтанаты өтті.

Жоба “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына” қатысушыларға кәсіпкерлік дағдыларын, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру негіздерін үйретуге арналған. Бір айға созылған оқуға Айыртау ауданының 29 тұрғыны қатысты. Емтиханда олардың 24-і үздік нәтиже көрсетсе, 15-і жобаларын сәтті қорғады. Оларға палата директоры Дархан Қалиев сертификат табыс етіп, сәттілік тіледі.

Палатаның Айыртау аудандық филиалының директоры Данияр Қалымовтың айтуынша, жоба аясында әртүрлі кәсіптің қыр-сырын меңгеруге болады. Мәселен, айыртаулықтар қара мал мен жылқы өсіру, сүт өндіру, жылыжай шаруашылығын жүргізу, сүт қабылдау және мал сою бекеттерін құру сияқты кәсіпкерлік қызметтермен егжей-тегжейлі танысқан.

– Мемлекет ісін жаңа бастаған жандарға жеңілдетілген несие беріп, кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау құралдары арқылы біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасап отыр. Кәсіпкерлер мемлекеттің ауыл тұрғындарының жағдайына бейжай қарамайтынына дән риза, – деді филиал директоры.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика