ҚОСЫМША ЕҢБЕКАҚЫ АЛМАҚ

Қазақстандықтар биыл 29 млрд. теңге шамасында қосымша еңбекақы алатын болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі өзінің сайтында тиісті хабарлама жариялады.

Үстіміздегі жылы Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы жарияланғаны белгілі. Соның екінші бастамасына сәйкес, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш немесе алпыс мың бір жүз жиырма бес теңгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10 есе төмендету ұсынылған болатын. Жалпы республикада мұндай еңбекақыны 2 миллионнан аса адам алады екен. Негізінен, бұл ауыл шаруашылығы мен сауда салаларын қамтиды.

“Аталған бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен және “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілді. Жұмыс нәтижесі бойынша жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығын төмендетудің оңтайлы тетігі айқындалды. Мәселен, салық салынатын табыс 90 пайызға азайтылады. Қалған еңбекақыға 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді. 2018 жылғы қарапайым мысал арқылы жеке табыс салығы ұсынылған есептеуді қарастырамыз. Мәселен, жалақы айына 60 125 (25 айлық есептік көрсеткіш) теңгені құрайды делік. Осы сомадан 10 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, яғни 6 013 теңге шегеріледі. Қалған 54 112 теңгеден бір ең төменгі жалақы – ең аз салық салынбайтын кіріс, яғни 28 284 теңге алынып тасталады. Салық салынатын табыс (қолданыстағы механизм) – 25 828 теңге қалады. Қолданыстағы механизм бойынша салық сомасы 25 828 *10 пайыз = 2 583 теңге болады. Ұсынылған тетікке сәйкес салық салынатын табысының мөлшері 90 пайызға төмендейді: 25 828 - (25 828*90%) = 2 583 теңге. Бұл сомаға жеке табыс салығының 10 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салынатын болады – 2 583*10 пайыз = 258 теңге. Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 10 есе 2 583 теңгеден 258 теңгеге дейін төмендейді, жалақы қосымша 2 325 теңгеге өседі”, – делінген министрліктің хабарламасында.

Аталған тетікті қолдану қызметкердің қосымша табыс алуын (негізгі жалақы алу кезінде) мүмкіндік жасайды және жұмыс берушінің қаржылық жүктемесін ұлғайтпайды. Сонымен бірге жұмыс берушінің әкімшілік шығындары барынша азаяды. Салық заңнамасына тиісті түзетулер 2018 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңында көзделген. Бұл заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Әсет ҚАНАФИН.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика