КӘСІПКЕРЛЕР СӨЗДІГІ

Ауыл тұрғындарына кәсіп ашуда қолданылатын терминдер мен тіркестерді түсіндіруге арналған “Кәсіпкерлер сөздігі” жарыққа шықты. Аталған оқулықты “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты бірлесіп шығарып отыр. Оқулық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының “Пікірталас” клубының отырысында таныстырылды.

Кәсіпкерлік саласында терминдер көп. Қазақ тіліндегі баламасын түсіндірме ретінде шығарып отырмыз. Мәселен, ағылшын тілінде экономикаға байланысты сөздер жетіп артылады. Оны ауыл адамдарының бірі түсінсе, екіншісі түсіне бермеуі мүмкін. Осыған байланысты бел буып, “Бизнес-бастау” жобасы арқылы адамдардың сұранысына байланысты сөздік жасадық. Бұл – ауылдағы қарапайым халықтың қолданысына сай келетін сөздік, – деді отырыста “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Елдар Жұмағазиев.

“Көкжиек” баспасынан шыққан сөздік, негізінен, кәсіпкерлер қауымының, сондай-ақ, бизнес-әріптестердің, қаржы мекемелері қызметкерлерінің, банк саласындағы кеңесшілердің, басқа да мүдделі мамандардың күнделікті іскерлік және қаржы-экономикалық қарым-қатынасында пайдалануға арналған. Сөздікте 500-ге жуық кәсіпкерлікке қатысты термин мен ресми-іскерлік мазмұндағы сөздер топтастырылған. Олардың қазақ тіліндегі түсіндірмесі қамтылған. Сондай-ақ, жиі қолданыстағы тіркестер келтіріліп, олардың орыс тіліндегі баламасы да көрсетілген. Кәсіпкерлік саласындағы коммуникативтік актіде қолданылатын күрделі атаулар және олардың қысқартылған нұсқасы іріктелген.

Аян БЕКЕНҰЛЫ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика