МЕЗЕТТІК ТӨЛЕМДЕР

Қазақстан Ұлттық банкі мезеттік төлемдер жүргізу жүйесін қанатқақты режімде іске қосты. Ұлттық банктің мәліметінше, сервис ұялы телефон нөмірімен түрлі банктердің клиенттері арасында және 24/7 режімінде тәуліктің кез келген уақытында ұлттық валютамен ақша аударуға мүмкіндік береді.

Ол үшін ақша жөнелтушінің мобильдік қосымшада немесе өзінің жүйеге қатысушы банкінің интернет банкинг жүйесінде ақша алушының мобильдік телефонының нөмірін, аударылатын ақша сомасын және ақша алушының банкін енгізуі қажет. Алушыға оның жүйеге қатысушы банктегі шотына ақша лезде есептеледі. Жүйеде банктің шоты, төлем картасының және электрондық ақшаны пайдалану сияқты ақы төлеудің және банктер клиенттерінің тарапынан аударымды алуының түрлі құралдары бар.

Қатысушы банктер үшін жүйеде транзакцияларға қызмет көрсету тарифі транзакция сомасына қарамастан бір төлем (аударым) үшін 1 теңгеден аз болады. Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану аясында жүйенің алғашқы қатысушылары “Банк ЦентрКредит” АҚ-ы және “Altyn Bank” АҚ-ы (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) болып табылады.

Жүйеде көрсетілетін қызметтерді кезең-кезеңімен дамыту жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде жеке тұлғалар арасындағы аударымдар (P2P-аударымдар), келесі кезеңдерде заңды тұлғалардың пайдасына, оның ішінде QR-кодтарды пайдалана отырып жүргізілетін және сұрату бойынша төлемдер, басқа да төлем түрлері қолжетімді болады. Қазақстанда мезеттік төлемдер жүргізу жүйесін енгізу пайдаланылатын төлем құралына (банктік шоттар, төлем карточкасы, электрондық әмиян) және қызмет көрсететін банкке қарамастан түрлі қашықтықтан қол жеткізу арналары арқылы қолжетімді, халыққа және бизнес субъектілеріне қолайлы, жылдам, сенімді және арзан төлем қызметін көрсетуге бағытталған.

Әсет ҚАНАФИН.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика